Бизнесті қорғау туралы

Бизнесті қорғау туралы

Облыс прокуратурасы қадағалау барысында тауарлық газ тұтынушыларының құқықтары бұзылғаны анықталды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға заңсыз талаптар жүктелген.

Нәтижесінде, газды тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2 – 1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай талаптар тек өнеркәсіптік тұтынушыларға таратылып қолданылуы мүмкін.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша өнім берушінің жоғары коэффициентті қолдану мүмкіндігі жойылып, 37 кәсіпкердің құқықтары қорғалды және оларға негізсіз өндірлген 4,7 млн теңге қайтарылды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы