Түркістан облысының прокуратурасы жылды қорытындылады.

Түркістан облысының прокуратурасы жылды қорытындылады.

Облыс прокуроры М.Алихановтың төрағалық етуінде және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы С.Нұрпейісовтың қатысуында   облыс прокуратурасымен  2022 жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы кезеңге қойылатын міндеттер бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Алқа мәжілісін ашу барысында облыс прокуроры қадағалау қызметіндегі қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті.

2022 жылы жүргізілген прокурорлық  тексерістер нәтижесінде мыңнан астам заңдылықты бұзушылықтар анықталып, қолданылған шаралардың нәтижесінде 258 мыңнан астам адамның құқықтары қорғалып, 2 мыңнан астам тұлға түрлі жауаптылыққа тартылды.

Мемлекет пайдасына 753 млн. теңге өндірілді, құны 1,4 млрд. теңгені құрайтын мүлік қайтарылды.

Заңсыз өткізілген 2 млрд. теңге көлеміндегі 53 мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, олардың басым бөлігі бәсекелестік ортаға берілді.

Прокуратураның үйлестіру рөлі арқылы бірқатар ауыр қылмыстар (адам өлтіру 22%, тонау 33%, зорлау 31%), бұзақылық(7%), кәмелетке толмағандарға қатысты(33%) қылмыстар төмендеді.

М.Алиханов тұрған міндеттердің маңыздылығына назар аудара отырып, прокурорлардан азаматтардың құқықтарын, мемлекет және бизнес мүделерін кешенді қорғауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ қылмысқа қарсы күресте үйлестіруші рөлді күшейтуді талап етті.

Түркістан облысының прокуратурасы