Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен кездесу өтті

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен кездесу өтті

Облыс прокуроры Марат Алиханов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновпен кездесті.

Кездесу барысында облыс прокуратурасының бизнесті қорғау және Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимыл бойынша атқарған жұмысы талқыланды.

Жыл басынан прокуратура органдары 16 мыңнан астам кәсіпкерлердің құқығын қорғап, 44 тұлғаны жауапкершілікке тартқаны, 587,7 млн теңгені құрайтын 4 мыңнан астам әкімшілік істердің күші жойылғаны, 19 заңсыз тексеру фактілер анықталғаны атап өтілді.

Мемлекет Басшысының кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тартуға жол бермеу туралы тапсырмаларына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жүйелік проблемалық мәселелерді анықтап, оларды шешу бағытында бірлескен шаралар қолдану туралы шешім қабылданды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы