Түркістан облысының прокуроры БАҚ өкілдерін құттықтады

Түркістан облысының прокуроры БАҚ өкілдерін құттықтады

Бүгін Түркістан облысының прокуроры журналистерді кәсіби мереке күнімен құттықтады. 

«Біздің атқарған жұмыстың нәтижелерін халыққа дер кезінде жеткізіп, өзара байланысымыз артқан үшін алғысымды білдіремін және осы жұмысымыз жалғасын табады деп сенемін. Сіздерге алдағы уақытта үлкен табыстарға, шығармашылық биіктерге жетуге, өздеріңізге және отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін», - деді облыс прокуроры М. Алиханов.

"24 Хабар" телеарнасының тілшісі Жұмабек Жандос Сәдірмекұлы, «Айғақ» арнасының редакторы Бағлан Байкөбекқызы, «Түркістан» арнасының үйлестірушісі Махмут Аружан Ерболқызы, «Тұран Түркістан» телеарнасының басшысы Бекбаев Мұрат Серікбайұлы, «Оңтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті, Заң және Заман бөлімінің» тілшісі Ерман Бауыржан Мейірханұлы бағалы сыйлықтармен және облыс прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы