Пробация қызметі есебіндегі сотталғандарды қайта әлеуметтендіру

Пробация қызметі  есебіндегі сотталғандарды қайта әлеуметтендіру

2022 жылдың 27 мамырында Түркістан облысы прокурорының төрағалығымен пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері бойынша алқа мәжілісі өткізілді.

Алқа отырысына облыстың уәкілетті және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары шақырылды.

Талқылауға жіберілген заң бұзушылықтар, қылмыстық жазаларды орындау кезіндегі проблемалық мәселелер және пробация қызметі есебіндегі сотталғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды  әлеуметтік оңалту, оларға құқықтық көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктер көтерілді.

Ағымдағы жылдың 3 айында пробация қызметінің есебінен бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаға сотталған екі мыңнан астам тұлға өткен. Пробация қызметімен 2300 есепте тұрғандарға жеке бейімдеу жоспары әзірленіп, оларға түрлі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен 300 астам тұлға жұмыспен қамтылған.

Қаралған мәселенің маңыздылығын ескеріп, осы бағытта уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіруге аса назар аударылды.

Алқа қорытындысы бойынша, уәкілетті және құқыққорғау органдарына профилактикалық жұмыс пен сотталғандарды оңалту, жұмыспен қамтуға  бағытталған шараларды жандандыру туралы тапсырмалар берілді.

Түркістан облысының прокуратурасы