Балабақшалардың перспективтік ас мәзірі талаптарға сай сәйкестендірілді

Балабақшалардың перспективтік ас мәзірі талаптарға сай сәйкестендірілді

Соңғы уақытта қоғамда және әлеуметтік желілерде еліміздегі балабақшалардың жағдайы мен балаларға ұсынылатын тағамның сапасына қатысты көптеген сыни пікірлер орын алуына байланысты, облыс прокуратурасымен балабақшаларда тамақтану жағдайына қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптардың сақталуына талдау жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, облыс аумағындағы республикалық және жергілікті бюджеттен қаражаттандырылатын 331 балабақшада Денсаулық сақтау министрінің 13.07.2021ж. № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының талаптары сақталмай, перспективтік ас мәзіріне қажетті витаминдерге бай тағамдар қосылмаған.

Талдау нәтижесімен адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, балабақшалардың перспективтік ас мәзірі қайта бекітіліп, талаптарға сәйкестендірілді.

Осылайша, прокуратурамен балабақшалар тәрбиеленушілерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Түркістан облысының прокуратурасы