Шардара су қоймасындағы балық шабақтарының өлуі салдары анықталуда

Шардара су қоймасындағы балық шабақтарының өлуі салдары анықталуда

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына а.ж. сәуір айында Шардара су қоймасының балық шабақтары ауруға ұшырап, жағалауға шығып жатқаны туарлы ақпарат түсті.

Шұғыл талдау жұмыстарымен су қойма жағалауында 1500 жуық сазан, мөңке тұқымдас балық шабақтарының өлгені анықталып, оның себептерін анықтау туралы уәкілетті органдарға сараптама, талдау жұмыстарын жүргізу жөнінде хат жолдады.

Экология департаменті жүргізген зертханалық-талдамалы жұмыстармен Шардара су қоймасы жағалауының №1 учаскесінде сульфаттар мен қалқымалы заттардың жоғарылауы, суда азот бар заттардың (ион аммония, нитрит, нитрат) болуы, су қойма суының коммуналдық тұрмыстық шаруашылық сарқынды сулардан ластану көрсеткіші болып табылатыны анықталды.

Судың ластану тегін алдын ала анықтау жұмыстары кезінде субъектілердің шаруашылық қызмет нәтижесінде пайда болған сарқынды сулардың Шардара су қоймасына келіп құю ықтималдығы белгілі болды.

Мәселеге байланысты прокуратура, Экология департаментінің басшысы, Шардара ауданы әкімінің орынбасары, аудандық орталық аурухана бас дәрігері, Арал-Сырдария балық инспекция және Арал-Сырдария бассейндік инспекция басшыларының қатысуында мәжіліс өткізді.

Сондай-ақ, су қоймаға сарқынды судың заңсыз ағызу дерегін анықтап, тоқтату және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде Экология департементіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді.

Қазіргі кезде «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-мен балық шабақтарының өлу себептеріне ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар прокуратураның бақылауына алынды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы