Мемлекеттік және жеке сот орындаушылар өндірісіндегі әкімшілік айыппұлдарды өндіруге бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде мекемеаралық мәжіліс өткізілді

Мемлекеттік және жеке сот орындаушылар өндірісіндегі әкімшілік айыппұлдарды өндіруге бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде мекемеаралық мәжіліс өткізілді

Облыс прокурорының орынбасары Ж.Н.Нұрғалидің төралығымен   «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес  мемлекеттік және жеке сот орындаушылар өндірісіндегі әкімшілік айыппұлдарды өндіру санатындағы атқарушылық құжаттардың орындалуына қатысты мекемеаралық мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске Түркістан облысы Әділет департаменті басшысы М.Б.Тұрғараев, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасының бастығы Ө.К.Сейтов қатысты.

Атқарушылық іс жүргізудің міндеттері әкімшілік істер бойынша сот актілерін, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар - міндетті және уақтылы қолдану болып табылады.   

Алайда сот орындаушыларының өз міндеттерін тиісті деңгейінде орындамау салдарынан әкімшілік айыппұлдар заңмен белгіленген мерзімде орындалмауына байланысты 1 млрд. теңге көлеміндегі қаржының мемлекетке өндірілуі созбалаңдыққа салынған.

Қаралған мәселенің маңыздылығын ескеріп, осы бағытта уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіруге аса назар аударылды.

Сондай-ақ мәжіліс қорытындысы бойынша атқарушылық іс жүргізудің тиімділігін арттыру мен әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды міндетті және уақтылы қолданып, мемлекетке  өндіру бағытында нақты шараларды жүзеге асыру туралы ортақ шешім қабылданды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы