Түркістан облысы прокуратурасымен ынтымақтастық нығая түседі

Түркістан облысы прокуратурасымен ынтымақтастық нығая түседі

Қазіргі жаһандық геосаяси өзгерістер кезінде қоғам да қарқынды дамып келуде.

Бұл өзгерістер прокуратура саласына да әсерін тигізіп, жұмыс барысында ғылыми зерттеулерді қолдануға әкелуде.

Сондықтан облыс прокуратурасының бастамасымен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетімен өзара ынтымақтастық және серіктестікті нығайту туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты теория мен тәжірибені ұштастыру, кадрлық құрамның біліктілігін арттыру, қоғамдағы проблемалық мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың шешу жолдарын қарастыру болып табылады.

Осы келісім аясында бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, тиімділігі жоғары жұмыстар өз бастауын алуда.

Түркістан облысының прокуратурасы