Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың жай-күйі алқа мәжілісінде қаралды

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың жай-күйі алқа мәжілісінде қаралды

Түркістан облысы прокурорының төрағалық етуімен кеңейтілген алқа мәжілісінің отырысы өткізіліп, онда Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мемлекеттік сатып алуға қатысты дауларды қарау барысында анықталған заңбұзушылық деректеріне қатысты проблемалық мәселелер талқыланды.

Іс-шараға Түркістан облысының судьялары, уәкілетті және мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Алқа мәжілісін өткізу проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылаудың маңыздылығымен, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігімен байланысты, себебі мемлекеттік сатып алу процессінің ашықтығы, қатысуға бірдей мүмкіндік ұсыну, адал бәсекелестік, мемлекеттік сатып алудың қатысушыларының жауапкершілігі, жемқорлықты  болдырмау - мемлекеттік саясаттың мақсаттарының бірі.

Талқылау нәтижесімен нақты ұсыныстар берілді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарын сақтау оны бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша  қатысушылармен бірқатар шешімдер қабылданды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы