Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы талқыланды

Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы талқыланды

Түркістан облысының прокуроры М.Т.Алихановтың төрағалығымен меншікке қарсы қылмыстың алдын алудың тиімділігін арттыру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, облыс әкімінің салалық орынбасары, уәкілеттіоргандарының басшылары, қала, аудан әкімдері мен полиция бөлімдерінің бастықтары қатысты.

Іс-шара барысында мал ұрлығына қарсы күрестің жай-күйі, олардың алдын алу бойынша жүргізілген профилактикалық жұмыстың сапасы талқыланды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың өзінде осындай 183 қылмыс тіркеліп, жалпы алғанда 228 бас жылқы, 155 ірі қара және 366 ұсақ мал ұрланды.

Есепті кезеңде мал ұрлығының басым бөлігі, яғни 58% пайызы жайылымдарда орын алған, өйткені ол аймақтарда азаматтар өз малдарына тиісті бақылау жасамайды.

Сәйкестендіру мәселесіне мал иелері қызығушылық танытпаудың нәтижесінде ұрланған малды табуда бірқатар қиындықтар туындайды.

Отырыс қорытындысы бойынша осы бағыттағы уәкілетті органдардың жұмысын жандандыру жөнінде ұсыныстар әзірленді, қылмыскерлердің заңсыз іс-әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған бірлескен кешенді жоспар жасалды, оның орындалуы прокуратураның қатаң бақылауына алынды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы