Түркістан облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

Түркістан облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

Облыс прокуратурасында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді. Онда қылмыстық сот ісін жүргізуде азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуы, сондай-ақ алимент өндіріп алу мен борышкерлерді жұмысқа орналастыруға байланысты проблемалық мәселелер талқыланды.

Іс-шараға судьялар, мүдделі мемлекеттік органдар мен жеке сот орындаушылар палатасының басшылары шақырылды.

Алқаны өткізу - проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылаудың өзектілігімен, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттілігімен негізделді.

"Жеке сот орындаушыларының, жұмыспен қамту органдары мен мемлекеттік сот орындаушыларының өзара іс - қимылының нақты тетігін әзірлей отырып, борышкерлерді жұмысқа орналастыруға бағытталған нақты іс-шараларды белгілеу қажет" - деп атап өтті облыс прокуроры М.Т.Алиханов.

Жыл басынан бері алимент өндіру туралы сот актілерін орындамағаны үшін 164 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды, прокурорлық қадағалау актілері негізінде алимент бойынша 68,6 млн.теңге мөлшеріндегі берешек өндіріліп алынды.

Қатысушылар қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, алименттерді өндіріп алу, жұмысқа орналастыру және борышкерлерді заңда белгіленген жауаптылыққа тарту саласындағы жұмысты одан әрі ұйымдастыру мәселелері жөнінде бірқатар шешімдер қабылдады.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша бірқатар ұсынымдар берілді.

 

Түркістан облысының прокуратурасы