Түркістанда прокуратура органдары арасында шағын футбол мен волейболдан чемпионат басталды

Түркістанда прокуратура органдары арасында шағын футбол мен волейболдан чемпионат басталды

Қазақстан Республикасының Тәуілсіздігі мен Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрылғанына 30 жыл толуына орай 2021 жылдың 18-20 қазан аралығында Түркістан қаласында ұйымдастырылған мерекелік іс-шара бойынша прокуратура органдарының «Оңтүстік» аймақ командалары арасында шағын футбол мен волейболдан чемпионат өтуде. 

Бұл чемпионатты өткізудің басты мақсаты: қызметкерлерді дене шынықтыру спортымен айналысуға тарту және салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау.

Мерекелік жарыста Шымкент қаласы,Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының прокуратура қызметкерлерінен құрылған командалар бақ сынауда.

Дәл осындай спорттық іс-шаралар еліміздің барлық облыстарында өтуде және аймақтардан үздік шыққан команда 2021 жылдың 8-10 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық ойында өнер көрсететін болады.

 

Түркістан облысының прокуратурасы