Прокурорлар жаңа форматтағы жұмысты талқылады

Прокурорлар жаңа форматтағы  жұмысты талқылады

Түркістан облысы прокурорының төрағалығымен қылмыстық процесті жаңғырту барысы және істерді электронды форматта тергеудегі проблемалық мәселелеріне қатысты алқа отырысы өтті.

Жиынға алқа мүшелері, қала,аудан прокурорлары, сондай-ақ полиция бөлімдерінің басшылары қатысты.

Отырыста үш буынды модельдегі жұмыстың өзектілігі талқыланды. Жұмыстың жаңа форматында полицияның, прокурордың және соттың өкілеттіктері нақты ажыратылған.

Қазіргі уақытта өзгерістердің бірінші кезеңі іске асырылуда – прокурорлардың тергеу органдарының негізгі шешімдерін электронды форматта келісуі.

Егер бұрын тергеуші азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін дербес шешсе, енді оның шешімдері прокурордың келісімімен ғана күшіне енеді.

Бұл тетік тергеудің объективтілігінің, сондай-ақ қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтаудың кепілі болып табылады.

Облыс бойынша жыл басынан бері прокурорлармен 6623 шешімдер келісілсе, 148 шешімі бас тартылды.

Облыс прокуроры үш буынды модель – бұл өзіндік сүзгі және азаматтардың құқықтарын сақтаудың кепілі екенін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша электронды форматта тергелетін істердің санын арттыру, сондай-ақ сотқа дейінгі іс жүргізу сапасын арттыру бойынша тапсырмалар берілді.

 

Түркістан облысының прокуратурасы