Алаяқтық және қаржы пирамидаларын құру фактілеріне қарсы күрестің жай-күйі Үйлестіру Кеңесінде талқыланды.

Алаяқтық және қаржы пирамидаларын  құру фактілеріне қарсы күрестің жай-күйі  Үйлестіру Кеңесінде талқыланды.

Облыс прокурорының төрағалығымен меншікке қарсы қылмыстардың профилактикалық жұмысының сапасы Үйлестіру Кеңесінің отырысында қаралды. 

Мәжіліске Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, облыс әкімінің  орынбасары, тиісті басқарма басшылары мен қалааудан әкімдері мен полиция бөлімдерінің бастықтары қатысты.

Кеңес отырысында алаяқтық және қаржы пирамидалар бойынша қылмыстылық жағдайы алаңдатушылық туғызып отырғандығы туралы айтылды.

Пандемияға байланысты қолданылған шектеу шараларына сәйкес, азаматтар ғаламтор желілеріндегі қызметіне жүгінуге мәжбүр, бұл жағдайларды алаяқтар пайдаланады.

Азаматтардың сенімдерін пайдалана отырып, олар жылдам табыс табу мүмкіндіктері туралы сендіріп, ақпараттық құралдар арқылы заңсыз ақшалай қаражаттарын жымқырады.

Облыс прокуроры алаяқтық фактілерінің даму қарқыны мен оның салдарының өсу динамикасын атап өтті.

Жиын қорытындысыменуәкілетті органдардыңосы бағыттағы жұмысын жандандыру және күшейту бойынша ұсыныстар әзірленіп, қылмыскерлердің заңсыз іс-әрекеттерінің жолын кесу жөнінде кешенді бірлескен Жоспар бекітілді.

Түркістан облысының прокуратурасы азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмас үшін қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береді.

Күдікті СМС хабарламалар немесе қоңыраулар келіп түскен жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарласып, бір уақыттабанктегі шоттарыңызбен несие тарихын тексеру қажет.

 

Түркістан облысының прокуратурасы