Түркістан облысында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында кеңейтілген Кеңес отырысы өтті

Түркістан облысында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында кеңейтілген Кеңес отырысы өтті

Түркістан қаласында прокуратураның бастамасымен  облыс прокуратурасының Сарапшылық Кеңесі мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) бірлескен отырысы өтті.

Кеңес отырысына облыс прокурорының орынбасары, Кеңес мүшелері, облыстық әкімдіктің басқарма басшылары мен уәкілетті органдарның қызметкерлері қатысты.  

Жиын барысында Түркістан қаласындағы «Жасыл белдеу» бағдарламасының іске асырылуына байланысты туындаған проблемалық мәселелер, ауылшаруашылықпен айналысатын кәсіпкерлерді минералды тыңайтқыштар және дизельді отынмен қамтамсыз етудегі сұрақтар, судың тарифіне қатысты бағалардың жоғары болу мәселесі, салық органдарының кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мен құрылыс саласындағы қызмет түрлеріне лицензия беру барысында заңдылықтың сақталу тәжірибесі көтерілді.

Мысалы, шаруалардың  дизельді отынмен толық қамтамасыз етілмеуі күн тәртібіндегі сұрақтардың бірі болды. Себебі, ағымдағы жылы тек 4 772 (39,2%) шаруалар жеңілдетілген бағада дизельді отынмен қамтылып, қалған 7 392-і бүгінгі таңға дейін жанармайға қол жеткізбеген.

Осыған байланысты, мәжіліс барысында осы және басқа да айтылған мәселелердің маңыздылығына назар аударылып, шешу жолдары ұсынылды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Кеңес төрағалары жоғарыда аталған мәселелердің оң шешілуі жайында тиісті тапсырмалар беріп, олар хаттамалық шешіммен бекітілді.

 

 Түркістан облысының прокуратурасы