Кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексеру деректерінің жолы кесілді

Кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексеру деректерінің жолы кесілді

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде профилактикалық бақылау мен қадағалауды шағын кәсіпкерлікті тексеру жүргізуге мораторий енгізілді.

Ел Президенті бұл туралы Жарлыққа 2019 жылдың 26 желтоқсанында қол қойды. Мораторий шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында енгізілді.

Жарлыққа сәйкес, заңнамада көрсетілген өзге жағдайларды қоспағанда, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлікке, оның ішінде микрокәсіпкерлікке барумен тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтату керектігі айтылған.

Түркістан облысының прокуратурасымен кәсіпкерлік субъектілерін қорғау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

 

Талдау барысында тексерулерді тіркеу сатысында заңдылықты бұзу деректері анықталды.

Облыс прокуратурасы, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасымен бірлесіп, заңсыз тексерулерді тіркеу кезеңінде олардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13шағын және микрокәсіпкерлікті  негізсіз тексерудің жолы кесілді.

Кәсіпкерлер өз құқықтарының бұзылудеректері бойынша облыс прокуратурасының мобильдік тобының Call-орталығына: 8 (778) 403-34-37, 8 (72533) 4-12-66 телефондары арқылы хабарласа алады.

 

 Түркістан облысының прокуратурасы