Балалар арасындағы қылмыстылық Үйлестіру кеңесінде қаралды

Балалар арасындағы қылмыстылық  Үйлестіру кеңесінде қаралды

2021 жылдың 2 маусымында облыс прокурорының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасының жағдайы облыстық заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды.

Мәжіліске Үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыс әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдарының басшылары, қала, аудан әкімдері мен полиция бөлімдерінің бастықтары қатыстырылды.

Кеңес отырысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жекелеген санаттары бойынша қылмыстылық жағдай алаңдатушылық туғызып отырғандығы талқыланды.

Облыс прокурорымен құзырлы органдардың арасындағы қарым-қатынасты күйшейту, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру қажеттілігі атап өтілді.

Жиынға қатысушыларымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялардың рөлін көтеру, полиция инспекторларын қажетті құралдармен жабдықтау, олардың біліктілігін арттыру және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтау және оңалтуды оңтайландыру мақсатында арнайы автоматтандырылған жүйені құру мәселесін қарау қажет деген ойға келді. 

Жиын қорытындысымен профилактикалық жұмыстарды жандандыру мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру мақсатында бірлескен кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, орындалуын қамтамасыз ету үшін құзырлы органдарға жолданды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы