Түркістан облысының прокуратурасы жұмыспен қамту мен шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша кеңес өткізді

Түркістан облысының прокуратурасы жұмыспен қамту мен шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша кеңес өткізді

Түркістан облысының прокуратурасы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын» іске асырылу жағдайы мен шетелдік жұмыс күшін тартуда заңдылықты сақтау мәселесін қарады.
Кеңеске уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Ағымдағы жылға Бағдарламаны іске асыруға (әлеуметтік-мәдениет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көлік инфрақұрылым объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және елді мекендерді абаттандыру арқылы) Үкімет 100 млрд. теңге бөлген. Оған сәйкес облыста 85 мың теңге көлеміндегі ең төменгі еңбек жалақысымен 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланған еді.
Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің мәліметі бойынша жобаның 73% аяқталып, 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.​
Кездесу барысында қатысушылар Бағдарламаны орындаушылардың заңдылықты бұзушылықтары мен кемшіліктерін, атап айтқанда, азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеу рәсіміндегі заң бұзушылықтары мен оларды жұмыспен қамтудағы жалғандықтарды талқылады.
Кеңесудің нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар​ Бағдарлама аясында азаматтарды жұмыспен қамту бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлік мекемелерге халықты жұмыспен қамтудағы өз міндеттерін орындау жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін жөн деп тапты.​
Шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде Қазақстанның ішкі еңбек нарығын сақтау мен біліктіліктері талапқа сай келетін мамандарды тарту жөнінде тиісті шаралар жүргізу жайлы шешім қабылданды.
Кездесуге қорытынды жасаған облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаев аталған мәселелерді шешу мен орын алған кемшіліктерді жою және келешекте заңдылықты бұзушылықтарға жол бермеуді облыс әкімдігі өз бақылауына алғандығын мәлімдеді.