Балалар құқығын қорғау бағытындағы жұмыс

Балалар құқығын қорғау бағытындағы жұмыс

Созақ ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ мемлекеттік және мүдделі органдар мүшелерінен құрылды.
Жайсыз отбасылар мен отбасында күтімсіз қалған балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды​ мобильдік топ жүйелі түрде жүргізіп отырады.
Сондай кезекті рейд іс-шараларының бірінде Шолаққорған ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана өзінің қарауындағы кәмелет жасына толмаған 1 айлық пен 5 жас арасындағы 3 баласын жиі қараусыз қалдырып кететін және сол балалардың тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын жайсыз отбасыны топ мүшелері кездестірді.
Мобильді топ мүшелері балалардың үйіне барғанда, анасы белгісіз ер азаматтармен бірге алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде болған.
Аталған ана балаларын үйіне байлап, сырттарынан құлыптап, үйінен жиі кетіп қалатындығы мен спирттік ішімдікті үнемі қолданатындығын көршілері көрсеткен.
Аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның прокуратура бастамасымен өткізген отырысында аталған жалғыз басты ананы есепке тіркеп, мінез-құлқын бақылауға алу мен кәмелет жасына толмаған бүлдіршіндерді балалар үйіне өткізу мәселері қаралды.
Жоғарыда көрсетілген ананың өз балаларын ұрып-соғатыны және оларға бейжай қарайтындығы ескеріліп, бүгінгі күні кәмелетке толмаған бүлдіршіндер Созақ аудандық емханасының балалар бөліміне уақытша жайғастырылды.
Бұл мәселе аудан прокуратурасының қатаң бақылауына алынған.