Түркістан облысының прокуратурасында құқық бұзушылық профилактикасы, жол көлік оқиғаларын алдын алу және әкімшілік айыппұлдарды өндіру мәселесіне қатысты алқа мәжілісі өтті

Түркістан облысының прокуратурасында құқық бұзушылық профилактикасы, жол көлік оқиғаларын алдын алу және әкімшілік айыппұлдарды өндіру мәселесіне қатысты алқа мәжілісі өтті

Мәжіліске, облыс әкімінің орынбасары, полиция департаменті бастығы, оның орынбасарлары және құрылымдық басқарма басшылары қатысты.
Баршаға белгілі, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы​ аясында, полиция органдары құқықбұзушылықтарды бекіту​ бойынша электрондық планшет, бейнежетондармен қамтамасыз етіліп, жылдамдықты өлшейтін арнайы өлшеу құралдары орнатылған.
Мәжілісте, осы құрылғыларды пайдалану, сақтау, құқық бұзушылықтарды тіркеу және оның профилактикасы жөніндегі мәселелер талқыланды.
Осы қолданыстағы бейнекамералардың сапасының төмендегіне, полиция департаментінің жедел басқару орталығымен байланыстырылмағаны жөніндегі сұрақтарға жеке тоқталды.
Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаев, бұл мәселеге қатысты келесі жылғы бюджетке бюджет қаржыларын қарастырып, «Сергек» пен «Поток» түріндегі жетілдірілген автоматтандырылған жаңа құрылғыларды сатып алу жоспарланғанын айтты.
Мәжіліс қорытындысымен мемлекеттік уәкілетті органдарға​ тиісі хаттамалық тапсырмалар берілді.