
Түркістан облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жалғасуда.
Соңғы екі жылда Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен өңірде 30 әлеуметтік нысанның құрылысына 26,4 млрд теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда оның 27-нің құрылысы аяқталып, тағы 3 нысанның құрылысы жалғасуда.
Бағдарлама аясында пайдалануға берілген алғашқы нысан – Ордабасы ауданының Темірлан ауылында орналасқан 300 орындық балалар саз мектебі.
Жобаның жалпы құны – 890 млн теңге.
Қазіргі таңда мектепте өнердің 12 бағыты бойынша 400-ге жуық оқушы білім алуда.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ордасында тәрбиеленушілер халықаралық, республикалық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болуда.
Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өскелең ұрпаққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
Түркістан облысының прокуратурасы