
Түркістан облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа құқық қорғау, арнаулы және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Облыс прокуроры соңғы жылдары өңірде жалпы қылмыс деңгейінің төмендеу үрдісі сақталып отырғанын, ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 3,7%-ға азайғанын атап өтті.
Отырыста масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселесі де қаралды.
Жыл басынан жеке тұлғаға қарсы аяқталған жасалған әрбір алтыншы қылмыс пен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында әрбір жетінші қылмыс алкогольдік масаң күйде жасалғаны атап өтілді.
Сонымен қатар, прокурорлық талдау нәтижелері қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың алкоголь өнімдерін қай жерде және қашан сатып алғанын, сондай-ақ олардың заңсыз сатылуы мүмкіндігін барлық жағдайда айқындамау фактілері анықталды.
Осыған байланысты заңсыз алкоголь айналымына қарсы іс-қимылды күшейту, ойын-сауық орындарындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және патрульдік қызметтердің тиімділігін арттыру тапсырылды.
Бұдан бөлек, облыс прокуратурасы өңірдегі криминогендік ахуалды жақсартуға бағытталған 2026–2028 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі.
Құжатта құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралар көзделген.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша міндеттер айқындалды.
Түркістан облысының прокуратурасы