
Түркістан облысының Арыс ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетпен бірлесіп, инвестордың құқықтарын қорғап, Арыс қаласы тұрғындарын табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етуді қамтамасыз етті.
Тексеру барысында «OtebayGaz Aimaq» ЖШС-нің «QazaqGaz» ҰК» АҚ алдындағы берешегіне байланысты қала тұтынушыларына табиғи газ беруді уақытша тоқтату қаупі туындағаны анықталды.
241,6 млн теңге көлеміндегі берешек Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің газбен жабдықтау қызметтерін көрсету туралы шарт бойынша міндеттемелерін бюджет қаражатының тапшылығына байланысты уақтылы орындамауынан қалыптасқан.
Қалыптасқан жағдай инвестордың құқықтарының бұзылуына қауіп төндіріп қана қоймай, қала тұрғындарын табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етуге де кері әсер етуі мүмкін еді.
Инвестордың құқықтарын қорғау және әлеуметтік шиеленістің туындауына жол бермеу мақсатында аудан прокуратурасы Арыс қаласы әкімдігіне заң бұзушылықтарды жою және қалыптасқан берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдау туралы прокурорлық қадағалау актісін енгізді.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде қала әкімдігі кепілдік хат ұсынып, берешекті өтеу кестесін бекітті. Оған сәйкес инвесторға ай сайын 50 млн теңгеден төлеу көзделген.
Бүгінде прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде «OtebayGaz Aimaq» ЖШС-не 40 млн теңге төленіп, кәсіпорын қызметінің тұрақтылығына төнген тәуекелдер төмендетіліп, тұрғындарды табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берілді.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік және өзге де тосқауылдарды жою жұмыстары прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Арыс аудандық прокуратурасына 8 (705) 889-75-53 телефоны арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласуға болады.
Түркістан облысының прокуратурасы