
Жетісай ауданының прокуратурасы жер учаскелерін заңсыз иелену, игерілмей және иесіз қалған жер учаскелерін анықтау, заңсыз табысталған жерлерді мемлекетке қайтару бағытында тұрақты түрде талдау жүргізіп келеді.
Талдау барысында жалпы аумағы 59га құрайтын игерілмей, иесіз қалған және заңсыз табысталған 11 жер учаскесі анықталды.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган сотқа талап арыздар енгізді.
Сот актілері негізінде кадастрлық құны 48 млн теңге құрайтын, жалпы аумағы 59 га, 11 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Сот актісі заңды күшіне енді. Заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекет мүддесін қорғау және заңсыз табысталған мүліктерді қайтару прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Түркістан облысының прокуратурасы