
Жетісай ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде жергілікті атқарушы орган жариялаған мемлекеттік сатып алу заң талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.
Атап айтқанда, автомобиль жолдарын күтіп-ұстау ретінде жарияланған конкурс шын мәнінде жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысты болған.
Бұл өз кезегінде мемлекеттік сатып алу талаптарын бұзып, басқа әлеуетті қатысушылардың тең мүмкіндіктерін шектеген.
Прокуратураның араласуынан кейін аталған конкурс заңсыз деп танылып, оның күші жойылды.
Осылайша, 125 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Прокуратура органдары бюджет қаржысының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын тұрақты бақылауда ұстайды.
Түркістан облысының прокуратурасы