Жетісай ауданында 90 жұмыс орны мен 371 млн теңге инвестиция: прокуратура СОО іске қосуға көмектесті

Жетісай ауданында 90 жұмыс орны мен 371 млн теңге инвестиция: прокуратура СОО іске қосуға көмектесті

Жетісай ауданының прокуратурасы ҚР Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен сауда-ойын-сауық орталығын салу жобасын жүзеге асырып жатқан «Толбасиев» ЖК-нің құқықтарын қалпына келтірді.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 371 млн теңгені құрайды.

Аталған СОО бір мезгілде 600-ге дейін келушіні қабылдауға мүмкіндік береді, 90 жаңа жұмыс орнын ашып, жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерін арттырады.

Мәселе инвесторлармен өткен кезекті кездесу барысында көтерілген.

Анықталғандай, инвестор үш ай бойы аяқталған нысанды тіркей алмаған: уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуден бірнеше рет бас тартқан.

Прокурорлық сүйемелдеу аясында әкімшілік кедергілер жойылды.

Қазіргі таңда ғимарат ресми түрде тіркеліп, пайдалануға берілді.

Түркістан облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (778) 403-34-37 телефоны арқылы немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

Түркістан облысының прокуратурасы