Прокурорлар негізсіз төленген бюджет қаржысының кері қайтарылуын қамтамасыз етті

Прокурорлар  негізсіз төленген бюджет қаржысының кері қайтарылуын қамтамасыз етті

 Жетісай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органмен тұрғын үй-жайларды сатып алу кезіндегі заңдылықтын сақталуына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесімен жергілікті атқарушы органның  сыртқы және ішкі құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған, техникалық ерекшеліктерге сәйкес келмейтін  28 пәтерді мемлекеттік сатып алулар арқылы қабылдап алғаны анықталды. 

Енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде 28 пәтерге негізсіз төленген 200 млн теңге жергілікті бюджетке кері қайтарылуы қамтамасыз етілді.

Түркістан облысының прокуратурасы