
Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев жоғары оқу орындарының 600-ге жуық студентімен “Саналы ұрпақ – болашақ кепілі” тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Облыс прокуроры жаңадан енгізілген буллинг, сталкинг және дроперлікке қатысты заңнамалық өзгерістерге жеке тоқталып, олардың құқықтық салдары туралы нақты мысалдармен баяндады.
Сонымен қатар студенттер тарапынан қойылған көкейде жүрген сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, қатысушыларға құқықтық ақпаратты қамтитын брошюралар таратылды.
Аталған кездесу жастардың заңға деген құрметін арттырып, саналы әрі жауапты ұрпақ қалыптастыруға бағытталды.
Түркістан облысының прокуратурасы