Азаматтардың еңбек құқығы қорғалды

Азаматтардың еңбек құқығы қорғалды

Түркістан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тексеру жүргізіп, мекеме қызметкерлері алдында еңбекақы бойынша берешек қалыптасқанын және жалақы төлемдерінің толық көлемде төленбегенін анықтады.

Аталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оның нәтижесінде 548 жұмысшыға жалпы сомасы 28 710 432 теңге еңбекақы толық көлемде төленді. Осылайша, қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген еңбек құқықтары қорғалды.

Сонымен қатар, анықталған заңбұзушылықтар үшін мекеме басшысы мен бас есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура органдары азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

Түркістан облысының прокуратурасы