
Балалардың құқықтарын қорғау прокуратураның басты басымдықтарының бірі.
Осы бағытта Түркістан облысының прокуратурасы білім беру ұйымдарының асханаларын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізді.
Талдау нәтижесімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында асханаларды жаңғыртып, пайдалануға алған кәсіпкерлердің 70 мектепте санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз қызмет атқарып келгені анықталды.
Түркістан облысының прокуратурасы аталған заң бұзушылықтар бойынша облыс әкімдігіне және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қадағалау актілерін енгізді.
Нәтижесінде 50 білім беру мекемесі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын алды және 12 184 балаға тиісті қызмет көрсетіледі.
Орын алған заң бұзушылықтар бойынша мектеп әкімшілігі мен кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес 81 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 7,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылықтарды жою мәселесі Түркістан облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Түркістан облысының прокуратурасы