Ордабасы ауданында «Жас көзімен – Қауіпсіз балалық шақ» атты жас сценаристер байқауы өтті

Ордабасы ауданында «Жас көзімен – Қауіпсіз балалық шақ» атты жас сценаристер байқауы өтті

Ордабасы ауданы прокуратурасының бастамасымен ауданның уәкілетті органдарымен бірлесе отырып мектеп оқушылары арасында «Жас көзімен – Қауіпсіз балалық шақ» атты жас сценаристер байқауы өтті.

Байқау аясында 55 мектептің оқушылары қоғамда жиі кездесетін қылмыстар мен құқық бұзушылықтар тақырыбында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары бейнероликтер ұсынды. Бұл жұмыстар жасөспірімдер арасында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және қауіпсіз балалық шақ идеясын кеңінен насихаттауға бағытталды.

Аталған іс-шараның негізгі мәні – балалар мен жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыру, олардың заң талаптарын түсіну деңгейін көтеру және қоғамдағы өзекті мәселелерге саналы көзқарас қалыптастыру болып табылады.

Байқау арқылы оқушылар құқық бұзушылықтың салдары, заңға қайшы әрекеттердің қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін зияны туралы өз көзқарастарын шығармашылық тұрғыда жеткізуге мүмкіндік алды.

Қатысушылардың шығармашылық жұмыстары аудандық мәдениет үйінде көрсетіліп, қазылар алқасының бағалауынан өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, марапаттар табысталды.

Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі ретінде жүзеге асырыла бермек.

Түркістан облысының прокуратурасы