Жаза өтеушілерді қайта қоғамға бейімдеу мақсатында кеңейтілген мекемеаралық жиналыс өткізілді

Жаза өтеушілерді қайта қоғамға бейімдеу мақсатында кеңейтілген мекемеаралық жиналыс өткізілді

Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық-атқару жүйесі, полиция департаменті және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлері, аумақтық прокурорлардың қатысуымен кеңейтілген мекемеаралық жиналыс өткізілді.

Жиналыстың  басты мақсаты – жаза өтеушілерді қоғамға қайта бейімдеу, оның ішінде əлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мүмкіндігін кеңінен түсіндіру, қалыпты өмірге оралуына ықпал ету, оларды жұмыспен қамту.

Түркістан облысының прокуратурасы пробация есебінде тұрған және түзеу мекемелерінен босатылған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу және әлеуметтік қолдау шараларын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Бағдарлама аясында 1223 әлеуметтік сигнал тіркеліп, нақты көмек көрсетілді.

Осы бағытта «FSM social» ақпараттық жүйесін қолдану барысында уәкілетті органдардың  жұмысы айқындалып, бағдарламаны кеңінен қолдану қажеттілігі атап өтілді.

Бұдан бөлек Қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысын оңтайландыру мақсатында Түркістан облысы прокуратура органдары мен пробация инспекторларының іс-қимыл алгоритмі түзілді.

Алгоритм бойынша облыс аумағында қайта қылмысқа бейім жоғары топтағы 387 тұлғаларды тұрғылықты мекенжайларына шығу арқылы тексеріліп, оның ішінде 7 тұлға үйінен рұқсатсыз шыққаны анықталды.

Осы бағытта облыс прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов пробация есебінде тұрған және түзеу мекемелерінен босатылған тұлғаларға құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстарының сапасын арттыру, Заң талаптарын бұзудың салдарын түсіндіру, қайта әлеуметтендіру бағытындағы жүйелі түрде жұмыстарды жүзеге асыру туралы тапсырмалар берді.

Пробациялық бақылау тәртібі мен шарттарын түсіндіру бойынша жұмыстардың сапасын көтеруді, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша 10 күндік акция өткізу арқылы,  әр азаматқа жеке көзқараспен қарау ұсынылды.

Прокуратура органдары алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Түркістан облысының прокуратурасы