Түркістанда "Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында 600 студентпен кездесу өтті

Түркістанда "Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында 600 студентпен кездесу өтті

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында 600 студенттің қатысуымен кең көлемді кездесу өткізілді.

Іс-шараға облыс прокурорының орынбасары Д. Тлемисов және Түркістан қаласының прокуроры К. Нәрікбаев қатысып, қазіргі қоғамда жиілеген құқықбұзушылықтар және олардың алдын алу мәселелері туралы баяндама жасады.

Прокурорлар жастардың құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтіп, заң мен тәртіпті сақтау — жарқын болашақтың басты кепілі екенін жеткізді.

Кездесу барысында студенттермен ашық пікірталас ұйымдастырылып, сұрақтар қойылып, ой-пікір алмасылды. Белсенді қатысқан студенттер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, қатысушыларға буллинг, сталкинг, дропперлік, интернет алаяқтық және нашақорлық сияқты өзекті мәселелердің алдын алуға бағытталған прокуратура әзірлеген ақпараттық брошюралар таратылды.

Аталған іс-шара жастарды түрлі зиянды қауіптерден қорғау және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

 Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Түркістан облысының прокуратурасы