
Прокуратура органдары бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда, басты мақсат – сотталған азаматтардың қалыпты өмірге оралуына және қоғамға бейімделуіне жағдай жасау.
Түркістан облысының прокуратурасы пробация есебінде тұрған және түзеу мекемелерінен босатылған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу және әлеуметтік қолдау шараларын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Бұл бағытта облыста «FSM Social» бағдарламасы сәтті енгізілді.
Аталған бағдарламаны республикада алғаш болып Түркістан облысы қолдануды бастаған. Бүгінде оң нәтиже көрсетіп, өзге өңірлерге үлгі болуда.
Бағдарлама аясында 1211 әлеуметтік сигнал тіркеліп, нақты көмек көрсетілді.
Атап айтқанда:
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 14 ашық сот отырысы өткізілді, 32 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Осы шаралардың нәтижесінде қайта қылмыс жасау деңгейі 25 пайызға төмендеді.
Мысалы, Төлеби ауданы прокуратурасы сотталған азаматтарға қайтарымсыз гранттар алу, оқыту және жұмысқа орналастыру бағытындағы мемлекеттік қолдау тетіктерін кеңінен түсіндіруде.
Нәтижесінде:
Бұл жұмыстар сотталғандарды қоғамға бейімдеумен қатар, олардың отбасыларының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және қайта қылмыс жасаудың алдын алуға бағытталған.
Нәтижесінде, ағымдағы жылы Төлеби ауданында қайталама қылмыс фактілері орын алмаған.
Прокуратура органдары алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.
Түркістан облысының прокуратурасы