
Түркістан облысында прокуратура органдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда.
Мемлекет басшысы еліміздің дамуы мен қауіпсіздігі «Заң мен Тәртіптің» беріктігіне негізделетінін атап өткен болатын.
Осыған орай облыс прокуратурасының басшылығымен барлық қала және аудандарда жергілікті активтердің қатысуымен өңірдің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кездесулер өтті.
Кездесулер барысында ағын су тапшылығы, жайылым жер мәселесі, инфрақұрылым жүргізу және тұрғын үй кезегі сияқты өзекті сұрақтар қаралды. Проблемаларды шешу жолдары талқыланып, жауапты органдардың нақты іс-қимыл алгоритмдері бекітілді.
Сонымен қатар, облыс прокуратурасы «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында арнайы мәжілістер өткізіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, білім мен тәрбиенің сапасын арттыру мәселелеріне басымдық берді. Барлық мүдделі органдардың бірлескен іс-қимылын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.
Аталған бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында болып, жүйелі түрде жалғасады.
Түркістан облысының прокуратурасы