Прокурорлар кәсіпкерлер құқығын қалпына келтірді

Прокурорлар кәсіпкерлер құқығын қалпына келтірді

Түркістан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Сайрам ауданы әкімдігінің Жер кодексінің талаптарының сақталуына талдау жүргізу барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Талдау нәтижесінде қиыршық-тас өндірумен  айналысатын 21 кәсіпкердің (жалпы аумағы 523 гектар) жеке меншіктегі жерлерін заң талабына сәйкес мемлекет мұқтажына алмай, заңсыз шектеуге қойғаны белгілі болды.

Бұдан бөлек, шаруа қожалығына тиесілі 20 гектар игерілмеген жерін әкімдіктің құзіретіне кірмейтін қаулымен біржақты тәртіпте алынғандығы анықталды.

Осылайша кәсіпкерлер жер пайдалану құқығынан заңсыз айырылған.

Прокуратураның наразылығы негізінде әкімдіктің заңсыз қаулыларының күші жойылып, кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Түркістан облысының прокуратурасы