
Сайрам ауданының прокуратурасы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда заңға деген құрметті қалыптастыру мақсатында «Заң мен Тәртіп қағидатының қоғамда жүзеге асырылуы, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру» тақырыбында іс-шара өткізді.
Кездесуге танымал тележургізуші-журналист Ләйлә Сұлтанқызы, журналист-блогер Руслан Өтепбай, актер Орынхан Мансар, прокуратура, әкімдік және басқа да құқық қорғау органдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарауды насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту болып табылады.
Кездесу барысында қатысушылар қойылған өзекті сұрақтарға жауап беріп, қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде осындай кездесулер қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жастардың құқықтық көзқарасын дамытуға және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Түркістан облысының прокуратурасы