
Қазақстанның барлық қалалары мен негізгі елді мекендерінде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Халық заңгері» республикалық акциясы биыл да өз жұмысын бастады. Бүгін аталған іс-шара Түркістан облысының барлық қала және аудандарында, сондай-ақ Түркістан қаласында 5 мекенжайда өтуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу және азаматтарға заң көмегін ұсыну болып табылады. Әрбір тұрғын келіп, мемлекеттік органдар мен елдің заң қауымдастығының үздік өкілдерінен қажетті құқықтық кеңес ала алады.
Кеңес берушілер қатарында прокурорлар, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әкімдіктердің, әділет және салық органдарының және өзге де мекемелердің өкілдері бар.
Акцияның ерекшелігі — ол елдің барлық өңірінде бір мезгілде өткізіледі және бірегей әлеуметтік жоба болып саналады.
Түркістан облысының прокуратурасы