Жергілікті атқарушы органдардың атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек алу үшін аз қамтамасыз етілген отбасылардың үйлерін көрсеткен фактілері анықталды.
Атап айтқанда, 2022–2023 жж. Жетісай ауданының 17 тұрғыны өздерінің нақты тұрғылықты мекенжайларын жасырып, бір аз қамтылған отбасының үйін көрсеткен.
Осыған ұқсас жағдайлар Жетісай (65), Сайрам (3) және Сарыағаш (1) аудандарында да анықталған.
Жекелеген азаматтардың құқыққа қайшы заңсыз әрекеттері салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 17 млн теңге залал келтірілген.
Аталған заңбұзушылықтар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Түркістан облысының прокуратурасы