Шараға танымал тележүргізуші, журналист, қоғам қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы, журналист-блогер Руслан Өтепбай, әуесқой бокстан әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов қатысты.
Кездесуде ауыл билері, ұстаздар, жастар, спортшылар қатысып, аудан тұрғындары өз сұрақтарына тиісті жауаптар алды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық қорғау органдарының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету.
«Заң мен Тәртіп» қағидатын күнделікті өмірде ұстану – әрбір азаматтың міндеті.
Заңды сыйлап, өз құқығын білу және дұрыс қолдану қоғамның дамуына жол ашады.
Заңдарды сақтау – тұрақты әрі гүлденген қоғамның негізі.
Әрбір азамат өз жауапкершілігін сезініп, заңдарды орындау арқылы қоғамның барлық мүшесіне қолайлы орта қалыптастырады.
Түркістан облысының прокуратурасы