Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен ІІМ-нің «Р» басқармасы және ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталды.
Олардың «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлігінен 9 мм калибрлі бір дана «ТТ» маркалы тапанша және 18*45 калибрлі «Байкал МР-461» маркалы қару табылып, тәркіленді.
Аталған қарулардың оқ атуға жарамды екендігі анықталды.
Қазіргі таңда бұл қарулардың өзге де қылмыстарда қолданылғанын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.
Сонымен қатар, негізгі фигуранттың тұрғылықты мекенжайында ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.
02.09.2025ж. ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдіктілер ұсталды.
Түркістан облысының прокуратурасы.