Түркістан облысының аумағында ұйымдасқан интернет-алаяқтыққа көмек келтірген күдікті шетел азаматы ұсталды.

Түркістан облысының аумағында ұйымдасқан интернет-алаяқтыққа көмек келтірген күдікті шетел азаматы ұсталды.

Түркістан облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаяқтықпен айналысқан алаяқтардың қылмыстық тобына қатысты тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында, Қазақстан шекарасын өту кезінде «Капланбек» шекара пунктінде «SIM-box» құрылғысын жеткізіп жүрген қылмыстық топ сыбайласы - көрші шетелдің азаматы ұстады. Құрылғы алаяқтарға біздің тұрғындармен әртүрлі отандық мобильді нөмірлер арқылы байланысуға және олардың іздерін жасыруға мүмкіндік берген.  

Қазіргі таңда шетел азаматының өзге де қылмыстарға қатыстылығын анықтау бағытында тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпараттар ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жариялануға жатпайды.

 

                                       Түркістан облысының прокуратурасы