Түркістан облысында «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті

Түркістан облысында «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті

Түркістан облысында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ кәсіпкерлердің қатысуымен «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті.

Форум жұмысына Түркістан облысының әкімі, құқық қорғау және мемлекеттік мекемелердің басшылары, іскерлік қауымдастық өкілдері қатысты.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды.

Форум аясында цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты қоғамның барлық саласында заманауи технологияларды тиімді пайдалану қажеттілігі айтылды.

Шарада «Қазіргі заманғы қаржылық триггерлер және азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар», «Қаржылық сауаттылық», «Цифрлық гигиена», «Дипфейк технологиялары және қаражатты қорғаудың қарапайым тәсілдері» тақырыптарында өзекті мәселелер талқыланды.

Киберқылмыстардың алдын алу бағытында нақты ұсыныстар мен тәжірибелік қадамдар ұсынылды.

Сонымен қатар, Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істерді тіркеуге бірқатар шектеулер енгізілгені айтылып, инвесторларға қатысты шешімдер мен әрекеттердің қатаң бақылауға алынғаны атап өтілді.

Форум қорытындысында заңдылық пен тәртіп қағидаттарын берік орнықтыру үшін бірлескен іс-қимылды жүйелі түрде жүргізу туралы ортақ шешім қабылданды.

Түркістан облысының прокуратурасы