«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Түркістан облысында Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Түркістан облысында Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде прокуратура ғимаратында Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қайрат Балабиев және Нұрсұлтан Байтілесовпен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында өңірдегі қоғамдық ахуал, инвестициялық жобаларды іске асыруда құқықтық қолдау көрсету және бизнеске әкімшілік қысымды болдырмау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың арыз-шағымдарын қарау, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар атап өтілді.

Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев қоғамдағы заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етудегі өзара іс-қимылдың маңыздылығына тоқталып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша прокуратура органдары мен депутаттар алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауды нығайтуға келісті.

Түркістан облысының прокуратурасы