Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен ашық кездесу өтті

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен ашық кездесу өтті

Түркістан облысында прокуратура қызметкерлері Самғау оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен ашық форматта кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау және олармен тікелей пікір алмасу арқылы өзекті мәселелерді анықтау болды.

Бүгінде облыс аумағында 101 557 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. 2025 жылдың өткен кезеңінде өңірдің прокуратура органдарының қадағалау жұмыстарының нәтижесінде 15 434 мүгедек жанның құқығы қорғалды.

Мысалы, «Автомобиль көлігі туралы» заң талаптарына сәйкес, бірінші топтағы мүгедектер мен бірқатар әлеуметтік топ өкілдері үшін қалалық және қала маңындағы көлікпен тегін немесе жеңілдікпен жүру құқығы қарастырылған. Алайда облыстың кейбір аймақтарында бұл талаптардың орындалмауы анықталған. Жетісай, Мақтаарал аудандары мен Кентау қаласында жүргізілген тексеріс нәтижесінде 3263 мүмкіндігі шектеулі азаматтың құқығы қалпына келтірілді.

Облыс прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жалғастыруда

Түркістан облысының прокуратурасы