Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары қорғалуда

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары қорғалуда

2025 жылдың өткен мерзімі ішінде Түркістан облысының прокуратура органдарының қадағалау қызметі аясында 15 434 мүмкіндігі шектеулі азаматтың құқықтары қорғалды.

Аймақта жалпы саны 101 557 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркелген.

Осы бағыттағы жұмыстар шеңберінде Ордабасы ауданы прокуратурасымен 1-топтағы мүгедек А.Ниязовтың тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылу фактісі бойынша тексеру жүргізілді.

Зерделеу нәтижесінде азаматтың кезектен заңсыз негізде шығарылғаны анықталды.

Аталған заңбұзушылық бойынша тиісті ұсыну енгізіліп, тұрғын үй бөлімі басшысы мен жауапты маман қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде тұрғын үй кезегі қалпына келтіріліп, А.Ниязовқа пәтер табысталды.

Облыс прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі және нақты шараларды жалғастыруда.

Түркістан облысының прокуратурасы