Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған ерекше іс-шаралар өтуде

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған ерекше іс-шаралар өтуде

Мақтаарал ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты негізінде мектеп оқушыларына жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттайтын көрнекі профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Шара барысында арнайы автобус пен ауыр жүк көлігі алаңға жеткізіліп, балаларға:

-қоғамдық көліктен қауіпсіз түсу жолдары;

-жолды дұрыс және қауіпсіз кесіп өту тәртібі;

-ауыр жүк көліктерінің «соқыр аймақтары» және олардың қауіптілігі түсіндірілді.

Балаларға үлкен көлік жанында тұрған жаяу жүргіншіні жүргізушінің көре алмау ықтималдығы нақты тәжірибе арқылы көрсетілді.

Іс-шараның басты мақсаты — балалардың құқықтық мәдениетін арттырып, жол қозғалысы ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Прокуратура өкілдері жол қозғалысына қатысушылардың тәртіпке бағынуы — қоғам қауіпсіздігінің негізі екенін атап өтті.

Түркістан облысының  прокуратурасы