Түркістан облысының прокурорларымен «БИЗНЕС ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ҚОРҒАУ» тақырыбында Форум өткізілді

Түркістан облысының прокурорларымен «БИЗНЕС ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯНЫ ҚОРҒАУ» тақырыбында Форум өткізілді

Ағымдағы жылдың 12 маусымында мемлекеттік органдарының өкілдері, кәсіпкерлер, инвесторлардың, кеңес мүшелерінің қатысуында форум өтті.

Форум өңірдегі бизнесті дамытуға бағытталған идеялар мен стратегиялармен алмасу, инвестицияларды тарту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы бөлісу алаңына айналды.

Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев «прокуратура әрқашан инвесторларға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлетінін» атап өтті.

Ол өз сөзінде  «Жыл басынан бері прокуратура кәсіпкерлерге қатысты 52 млн теңгеге салынған 32 әкімшілік хаттаманың күшін жойып, 216 кәсіпкердің құқығын қорғалғаны»  туралы айтты.

Осы жылы прокуратура «Invest-Караван 2025» акция шеңберінде аудан аумағында 26 көшпелі кездесу өткізді.

Сондай-ақ, «Прокурорлық сүзгі» шеңберінде инвесторларға қатысты 49 әкімшілік істер, 15 тексеру тағайындау туралы шешімдер зерделеніп, 4 әкімшілік іс пен 4 тексеру тағайындау туралы нұсқамасы келісуден бас тартылды.

Нәтижесінде ағымдағы жылдың 6 айында 216 жеке кәсіпкердің және 7 инвестордың құқықтары қорғалып, жалпы сомасы 79,7 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба бойынша кейстер шешілді.

Форум қорытындысы бойынша кәсіпкерлер көтерген мәселелер бақылауға алынып, әрбір мәселе бойынша нақты шаралар қолданылатын болады.

Түркістан облысының прокуратурасы