

Мырзакеров Б.Қ. 1975 жылы туылған. Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Б.Қ. Мырзакеров еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастады.
Әр жылдары Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Қызмет бастығының орынбасары, Қызмет бастығы, Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып қызмет істеген.
2022 жылғы мамырдан 2026 жылғы маусымға дейін Қарағанды облысының прокуроры лауазымын атқарды.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.